Оралда жолаушылар автобусы өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында №35 бағытта  қатынайтын жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, оқиға 16 қараша күні кешкісін Әбілқайыр хан даңғылы бойында Циолковский аялдамасы маңында болды.

101 нөміріне хабар сағат 18.09-да  түскен. Автобустың артқы дөңгелегі мен салоны ішінара жанған. Өртті сөндірумен 5 адам және 1 арнайы техника айналысты.

«Тілсіз жау» 18.24-те оқшауланып, 18.48-де ауыздықталды.

«Зардап шеккендер жоқ», - деді А.Ғани.

Жолаушылардың сөзіне қарағанда, түтіннің исі шыққаннан кейін автобус тоқтап, олар сыртқа шығып үлгерген.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар