Оралда жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 қазан күні кешкісін Деркөл ауылында болды.

Жедел жәрдем сағат 20.06-да шақырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған бір жасар бала әжесімен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ тағы 6 адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 35 жастағы ер адамның оған қоса жамбасы сынған. 43 жастағы ер адам омыртқа тұсынан сынық жарақатын алған. 27 жастағы ер адамның сол жақ иығы сынған. Мас күйінде болған 30 және 31 жастағы ер адамдар бетінен, басқа да жерлерінен жарақат алған. 31 жастағы әйел адам мойын тұсынан сынық жарақатын алған.

Ашық бас-ми жарақатын алған 30 жастағы ер адамның миына зақым келген.

Ересек адамдардың барлығы қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, оқиға Деркөл-Өскен тас жолы бойында орын алды.

ВАЗ-2114 және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлікпен бірге үш баланың суға батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар