Оралда жол апатынан төрт адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Гагарин көшесі «ВАЗ-2109» және «ВАЗ-2110» автокөліктері соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем кеше сағат 23.09-да шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті.

Жол апатынан төрт адам жарақат алса, соның екеуі - балалар. Алдын ала мәлімет бойынша жеті және төрт жастағы ер балалар мен 30 және 27 жастағы ер адамдар жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ер адамдар қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Ал балалар дәрігерлер қарағаннан кейін бетінің жұмсақ еті көгерген деген диагнозбен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жолданды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан қаза тапқан адамның шетелдік болып шыққанын, сосын автокөліктің велосипед мінген жас жігітті қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар