Оралда жол апатынан полиция қызметкері жарақат алды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 қазан күні кешкісін Н.Назарбаев даңғылы мен М.Ықсанов көшесінің қиылысында болды.

Жедел жәрдем сағат 21.25-те шақырылды.

«Нива» автокөлігі патрульдік автокөлікпен соқтығысты. Соның салдарынан полиция қызметкері түрлі жарақатпен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның мұрын арқашығының қыры көгерген, мойыномыртқа бөлігіне зақым келген. Сондай-ақ тоғызыншы қабырғасы сынған.

Полиция қызметкеріне медициналық жәрдем көрсетіліп, амбулаторлық ем алу ұсынылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, үш адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар