Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам екі күннен бері іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам екі күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туыстарының хабарлауынша, Иван Касаткин 13 қазан күні сағат 17.00-де «Айгүл» шағынауданындағы үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Алдын ала болжам бойынша Теректі ауданы Пойма ауылына қарай кетуі мүмкін.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, туыстары кеше кешкісін полицияға арыз түсірген.

Басында ауытқуы бар ер адам бұдан бұрын да кетіп қалып, қайтып келіп жүрген.

Қазіргі таңда оны полиция қызметкерлері де іздестіруде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен ер адамның орманда асулы күйінде табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар