Оралда жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 қыркүйек күні шамамен сағат 10.30 бен 11.00 аралығында болды.

2017 жылғы баланың М.Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан белгісіз жаққа шығып кеткені жөнінде хабар түскен.

БҚО полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес баланы іздеуге бүкіл жеке құрам жұмылдырылды.

Жоғалған бала туралы мәлімет барлық бөлімдерге жіберілді.

Осы кезде Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жаяу жасағы орталық базар аумағында жүрген шамамен 4 жасар баланы байқайды. Оны тоқтатып, сөйлескеннен кейін кезекші бөлімге хабарлайды.

Осылайша бала тез арада табылып, ата-анасына табысталды.

Анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


БҚО полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші зардап шеккенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар