Оралда жоғалып кеткен 28 жасар қыз екі күннен бері іздестірілуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 28 жасар қыз екі күннен бері іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Батыров әлеуметтік желідегі парақшасында досының қарындасы, 1991 жылғы Әйгерім Баркенқызы Шаркөбенова-Ұзақованың жоғалып кеткенін, көмек керектігін хабарлады.

Әйгерім 27 қыркүйек күні таңертең Орал қаласы Гагарин көшесіндегі 2/2-үйден белгісіз жаққа шығып кеткеннен оралмаған.

Үстіне қара плащ, джинсы және қызғылт спорттық күрте киген, аяғында қара етігі бар, көзілдірік тағады. Өзімен бірге қара сөмкесі мен ұялы телефонын ала кеткен, аздаған ақшасы бар. Басқа қаржысы мен төлқұжатын үйде қалдырған.

Бұрын мұндай жағдайға тап болмаған, Ресей азаматына тұрмысқа шыққан Әйгерім ауылдан оқуға келген.

Байланыс телефондары: 8-777-184-04-90, 8-701-666-29-01, 8-701-624-68-76.

Сондай-ақ көрген жандар болса, 8-771-905-75-27 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.

Із-түзсіз кеткендерді іздестіру жөніндегі волонтерлік қозғалыстың Орал және Атбасар қалалары бойынша үйлестірушісі Седа Колаева Әйгерімнің жоғалғаны жөнінде полицияға хабар берілгенін жеткізді. Әйгерімді тума-туысқандарының өтінішімен еріктілер де іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар