Оралда жоғалып кеткен 16 жасар бозбала іздестіріліп жатыр

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 2006 жылғы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрислам Сағындықов 26 сәуір күні таңмен сағат 07.30 шамасында Зачаган кентінен КазИИТУ колледжіне сабаққа кеткеннен оралмаған.

Нұрисламның бойы 170-175 см, орта денелі, ерекше белгілері жоқ, есепте тұрмайды. Бұрын үйінен кетпеген.

Басында сары кепка, үстіне сары толстовка, сұр джинси, аяғына сұр кроссовка киген. Ұялы телефон нөмірі – 8-776-184—08-77.

«Қазіргі кезде жасөспірімді іздеуге департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. Оны көрген, хабары бар адамдар болса, 8(7112) 92-15-01 телефонына қоңырау шалғаны жөн» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 57 жастағы ер адамның үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Бұл адам кейін табылды.


Соңғы жаңалықтар