Оралда жоғалған тағы бір бала аман-есен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Оралда жоғалған 9 жасар Ескендір аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы №19 орта мектепте 3-сыныпта оқитын бала түске таман үйінен шығып кеткен.

Анасының сөзіне қарағанда, бала оған сағат 12.28-де хабарласып, мектепке баратынын айтқан. Содан кейін оның сөмкесі «Қазақстан» кинотеатрының маңынан табылып, өзі хабарсыз кеткен. Осыдан соң туыстары және полиция қызметкерлері қара күрте мен сұр баскиім киіп, сұр шарф таққан баланы іздеді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиеваның айтуынша, бала кешкісін,  сағат 19.00-ден кейін табылды.

«Бала 6-шағынаудандағы «Алтындар» дүкенінде жүрген. Оған дейін қайда болғаны әзірге белгісіз», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ә.Наурызғалиева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалған он жасар баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар