Оралда жоғалған бала аман-есен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жоғалып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғани Ғинияттың апасы Ләззат Шағатайдың айтуынша, қаладағы №47 орта мектепте оқитын бала кеше түстен кейін Гагарин аялдамасындағы өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейтін әкесіне тамақ апарамын деп хабарсыз кеткен.

Қаладағы №7 бағытпен қатынайтын автобусқа мінген Ғани ұйықтап қалып, өзі білмейтін ауданнан түсіп қалған. Телефонын да үйде ұмыт қалдырған.

«Түн қараңғысында адасып жылап жүргенін көрген төрт жігіт байланып, ұрынғысы келіп, содан бала қашқан. Абырой болғанда, орыс кейуанаға кезігіп, сол кісі дүкенге апарып, тамақтандырған. Сосын әжей қазақ жігітіне табыстап, аманаттаған. Ол жігіт ағам Абзат Тайбағардың жұмысына барып, баласын аман-сау жеткізіпті. Алдымен бөтен балаға қамқорлығын аямаған кейуанаға, сосын қазақ жігітіне, аты-жөнін білмесек те, алғысымызды айтқымыз келеді. Мейірімді адамдар айналамызда көп екен. Сонымен қатар біздің отбасымыздағы жайсыз жағдайға ортақтасып, бірге іздеу салған журналист әріптестерім мен барша жанашыр жандарға ризамыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ләззат Шағатай.

 

Соңғы жаңалықтар