Оралда жоғалған 18 жасар жігіт Алматыдан табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалған 18 жасар жігіт Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2001 жылғы Бекарыс Тұрарбекұлы кеше Алматы қаласынан аман-есен табылды.

Оның Алматыға не үшін кеткені, оқиғаның мән-жайы Оралға оралған соң анықталатын болады.

Еске сала кетейік, Бекарыстың 3 қыркүйек күні жоғалып кетіп, таптырмай жатқанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар