Оралда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түнде Орал-Желаев жолында орын алды.

«БМВ» автокөлігі «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю стансасы тұсында ер адамды қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 02.02-де шақыртылды. Бригада бес минуттан кейін жеткен. Өкініщке қарай, жасы 35-40 шамасындағы ер адам жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар