Оралда жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 23 мамыр күні шамамен сағат 15.00-де Құрманғазы мен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Калина» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі басты жолда келе жатқан №2 бағытта жүретін автобусты өткізбей, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Калина» автокөлігінің жүргізушісі мен автобус жолаушысы зардап шекті.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда Қызылорда облысының тұрғыны жерлесін пышақтап тастағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар