Оралда жеңіл автокөлік отқа оранды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 16.37 шамасында болды.

Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында 1991 жылы шығарылған Volkswagen Jetta автокөлігінің мотор бөлігі мен салоны өртенді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 адам 1 техникамен барды.

«Тілсіз жау» 16.49-да оқшауланып, 17.13-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Осылайша өңірде жыл басынан бері өртенген жеңіл көліктер саны 42-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол бойында Lexus автокөлігінің жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Иллюстрациялық фото




Соңғы жаңалықтар