Оралда жеке үй өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдың Желаев кентінде жеке тұрған үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Желаев кентіндегі үй 26 мамыр күні сағат түнгі сағат 22.33-те өртенген.

1-Вербовая көшесіндегі 39/1-үйдегі өрт аумағы 80 шаршы метрді шарпыған.

Онда жеке құрамның 11 өрт сөндірушісі 3 техникамен барды. Өрт сағат 23.10-да толық ауыздықталды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар