Оралда жеке тұлғаларға 4,8 млн. теңге залал келтірген алаяқ сотталды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке тұлғалардың сеніміне кіріп, оларға 4,8 млн. теңге көлемінде залал келтірген Марат Бекежановтың алаяқтық іс-әрекеттерін әшкереледі.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, М.Бекежанов Орал қаласы аумағында жеке тұлғаларға ипотекалық және тұтынушылық несиелер алуда «көмек көрсетіп» отырған. Алдымен алаяқтың қармағына О.Иманғалиев деген азамат түсіп, одан сыйақы есебінде 155 мың теңгесін қақшып алған да, табанын жалтыратқан. Кейін ипотекалық несие алмақшы болған Г.Сотникованың да 600 мың теңгесін иемденіп кеткен. 2007 жылғы қазан мен 2008 жылғы маусым аралығында осындай тәсілмен тағы да 12 адамға «қызмет көрсетіп» үлгерген.

Орал қалалық соты М.Бекежановты  кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеумен бірге 6 жылға бас бостандығынан айыруға  үкім етті.

Соңғы жаңалықтар