+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Оралда Жайық өзені жағасынан ер адамның мүрдесі табылды

2020 жылғы 21 қаңтар 16:52
Бөлісіңіз:
Оралда Жайық өзені жағасынан ер адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Жайық өзені жағасынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды Оралда бостандыққа шыққан достар екі адамды өлтірген Петропавлда кісі өлтіргендерге сот үкімі шықты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол бұдан екі күн бұрын жоғалып кеткен Алмаз Атиханов болып шықты.

Жедел іздестіру шаралары барысында марқұмның мүрдесі 21 қаңтар күні Жайық өзені жағасында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ маңынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Марқұмның туыстарының сөзіне қарағанда, 30 жастағы А.Атиханов 19 қаңтар күні кешкісін достарымен ойыққа суға түсемін деп кеткен. Марқұмның соңында әйелі, үш баласы қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда базар маңынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.



Иллюстрациялық фото: s1.1zoom.ru
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT