Оралда жаяу жүргіншіні көлігімен қаққан жүргізуші қашып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жаяу жүргіншіні автокөлігімен қаққан жүргізуші қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, оқиға 18 қаңтар күні шамамен сағат 02.30-да орын алды.

Белгісіз жүргізуші автокөлігімен Ғ.Құрманғалиев пен Орынбор көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Салдарынан 1955 жылғы Н. есімді тұрғын оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиға болған кезде осы маңнан жүріп өткен, бейнетіркеушісі бар жүргізушілердің, барлық куәгерлердің БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметіне 102, 92-17-00, 92-17-44, 8 777-183-74-54, 8 701-849-85-64 телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Әбділқалықова.

Соңғы жаңалықтар