Оралда жауынгерлер құқық бұзушыны суық қарумен қолға түсірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім жауынгерлері Оралда құқық бұзушыны суық қарумен қолға түсірді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында қатардағы жауынгерлер Абылай Мұстажап, Дмитрий Лезнев, Данияр Баратов бар топ қала тыныштығын күзетіп жүрген кезде М.Мәметова атындағы көше бойындағы 48-үйдің қасынан мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған жас жігітті байқайды. Тұрғындардың ескертуіне құлақ аспаған ол балағат сөз айтып, сес көрсетеді. Әскери қызметкерлердің талабына бой бермеген тәртіп бұзушы қашпақ болған кезде ұсталды. Оның спорттық күртесін қараған кезде сол жақ қалтасынан жиналмалы пышақ шықты. Суық қарумен ұсталған жігіт одан әрі тергеп-тексеру үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Батыл қимылы мен кәсіби қызметі үшін аталған жауынгерлер әскери бөлім командирімен ынталандырылды.
- ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады
- БҚО-да 10 адам әкімшілік қамауға алынды
- Алматыда бағдаршамдарды қиратудан келген шығын – 72 млн теңгеге жуық
- Атуға құқылы: Заңгер коменданттық сағат тәртібін бұзудың салдарын атады
-
Төтенше жағдай: Аягөз гарнизонында жағдай қалай
-
Тағы бір бала оқтан көз жұмды - Аружан Саин барынша сақ болуды ескертті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




