Оралда жатақханада өрт болып, 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жатақханадағы өрт кезінде 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, Х.Чурин көшесі 119-мекенжайында №89А бөлмедегі өрт жөнінде хабар 20 қараша күні сағат 19.40-та түскен.

Оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінен 5 техникамен 12 адам шұғыл жеткен.

Бес қабатты жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмеде теледидар өртеніп, жарылған.

Өрт сөндірушілердің жедел қимылы нәтижесінде 1 адам құтқарылды. Жатақханадан 95 адам шығарылса, соның 25-і - балалар.

«Тілсіз жау» тез ауыздықталып, жалынның көрші бөлмеге таралуына жол берілген жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, өрт сөндірушілер сағат 19.56-да жедел жәрдем шақырған. Бригада 20.02-де жеткен. Жеңіл түрде газбен уланған 1952 жылғы ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар