Оралда «жасылелдіктер» жазғы еңбек семестрінің екінші кезеңін қорытындылады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы жазғы еңбек семестрінің екінші кезеңін қорытындылады,

деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші кезеңде облыс бойынша 300-ден аса сарбаз жұмыс жасады. Облыстық штабтың бұқарамен байланыс істері жөніндегі менеджері Ермек Мұхамбетқалиевтің айтуынша, өңірде 500 гектардан астам орман, саябақтар жаңартылды. Ағаштарды әктеу, түптерін қопсыту және басқа жұмыстарға «жасылелдіктер» бір кісідей атсалысты. Қалада Жәңгір хан мен Құрманғазы көшесі, қалалық мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру, тазалық жұмыстарына қатысты.

Биыл жастар еңбек жасақтарына республикалық бюджеттен 11 миллионнан астам, ал облыстық қазынадан 16 миллионнан астам теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар