+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оралда жастар төбелесіп, біреуі көз жұмды

2021 жылғы 6 ақпан 13:30
Бөлісіңіз:
Оралда жастар төбелесіп, біреуі көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жастар төбелесіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ыстанбұлдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ Алматы облысында ата-анасыз қалған балалар қуыршақ сатып, кәсіптерін бастауда Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы қосымша деректер пайда болды

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға түнде Х.Доспанова көшесі 58 А-мекенжайында орналасқан үйдің кіреберісінде болды.

Шамамен түнгі сағат 00.02-де «102» телефонына хабар түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткеннен соң тұрмыстық жағдайда арақ ішуден кейін белгісіз адамның Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына көптеген пышақ жарақатын салғаны анықталды. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Полицияның назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында арақ ішкені үшін де әкімшілік жазаны өтеген.

Оның іс-әрекетінен тағы екі жас жігіт зардап шегіп, облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 00.17-де шақырылып, төрт бригада барды. Бір адам жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды. 30 және 23 жастағы жігіттер пышақ жарақатынан зардап шекті. 20 жастағы тағы бір жігіт екі көзінен химиялық күйік жарақатын алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT