Оралда жасөспірімдер еңбегін заңсыз пайдалану деректері белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жасөспірімдер еңбегін заңсыз пайдалану деректері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Мәдина Құспанова мәлім еткендей, 1 маусымнан бастап үш күнге созылған рейд кезінде 45 нысан тексерілген.

Соның ішінде 7 құрылыс нысаны, 11 техникалық қызмет көрсету стансасы, 15 автожуу, 8 кафе, 4 базарды аралаған кезде жасөспірімдер еңбегін заңсыз пайдаланудың 16 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, олармен еңбек шарты жасалмаған, жұмыс уақытына қатысты заңбұзушылық бар.

«Бұл деректер бойынша қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатынасхат жіберіліп, содан кейін жұмыс берушінің жауапкершілігіне қатысты шешім қабылданатын болады. Талдау көрсеткендей, 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді жұмысқа тарту, әсіресе, жазғы демалыс кезінде көбейеді. Басты заңбұзушылық - еңбек шартын жасамау. Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлескен шаралар 12 маусымға дейін жалғасады», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Құспанова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің жасөспірімді қағып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар