Оралда жасөспірімдер арасында велоспорттан ел чемпионаты өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жасөспірімдер арасында велосипед спортынан ел чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана, Шымкент қалаларынан 200-ден астам балғын спортшылар қатысушылар.

Ел біріншілігінде жасөспірім ұлдар мен қыздар 13-14 және 15-16 жас аралығында сынға түсуде.

Жарыстың алғашқы күні, 4 шілдеде 15-16 жастағы ұлдар 25 км, 13-14 жастағылар және қыздар 15 қашықтықта сынға түсті. Батыс Қазақстан облысынан Дмитрий Носков 25 км қашықтықта жеңімпаз атанса, Руслан Елубаев мәреге үшінші болып жетті. 15 км қашықтықта кіші жастағылардан Тұрлан Жұмалиев екінші, Иван Зобнин үшінші орынға көтерілсе,  Алина Спирина чемпион атанды.

Кеше 15-16 жастағы ұлдар арасында 50 километрге командалық жарыста СҚО, БҚО және Түркістан құрамалары жүлделі орындарды бөлісті.  13-14 жастағы қыздар арасында 25 километрге командалық бәсекеде Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстары алда келді.

«Жарыс мақсаты - республикалық олимпиадалық даярлау орталығы мен спортинтернаттарға және ел құрамасына үздіктерді іріктеу», - деді ҚазАқпарат тілшісіне велоспорттан БҚО құрамасының аға бапкері Бейбіт Ибатов.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты 10 шілде күні мәреге жетеді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар