Оралда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған айлық қорытындыланды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған айлық қорытындыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық балалар құқығын қорғау департаменті мен «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының «Парыз» жұмыс тобы ұйымдастырған айлық барысында бірқатар шаралар қолға алынды.

Жас буынды жат қылықтардан аулақтату үшін педагог мамандармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, аула клубтарының жұмысын жандандыру, техникалық бағыттағы үйірмелер ашу, тәртібі қиын балалармен жұмыстанатын топтар құру, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тартуды алға қойған «жасотандықтар» мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастырмақшы.

Соңғы жаңалықтар