+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оралда жасөспірім қызға зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу басталды

2021 жылғы 12 қазан 14:57
Бөлісіңіз:
Оралда жасөспірім қызға зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу басталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жасөспірім қызға зорлық-зомбылық дерегіне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды БҚО-да іздеу жарияланған екі ер адамның бірінің денесі табылды

Орал қалалық Полиция басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Нұрлан Қожахметов брифингіде атап өткендей, қыздың анасының арызы бойынша 8 қазан күні ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігіне (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оның айтуынша, қылмыстық іс кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты болғандықтан, сондай-ақ ҚР Қылмыстық жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Мұндай сипаттағы қылмыстар департамент бастығының, сондай-ақ министрліктің ерекше бақылауында. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, зерделенеді. Соның ішінде жасөспірім қызға және күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптамалар тағайындалатын болады. Барлық тергеу амалдары мен сараптамалардың қорытындысына сәйкес қылмыстық іс бойынша шешім қабылданады», - деді Н.Қожахметов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 17 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT