Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңмен «Құрылысшы» шағынауданындағы 9 қабатты үйде болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің үстіне құлаған.

Бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді, қыз қазір ауруханада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 04.16-да шақырылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жасөспірім жабық бас-ми жарақатын алған. Іші, кеуде тұсы зақымданған.

Көптеген қабырғалары, жіліншігі сынған. Мас күйінде болған қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар