Оралда жасөспірім автокөлік руліне отырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында жол апаттарының жиілеуіне байланысты 2 ақпаннан бастап "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғашқы күні-ақ 156 құқықбұзушылық тіркелген. Соның ішінде 75 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатылған. 5 адам рульге мас күйінде отырған. 10 көлік айып тұрағына қойылды.

Оралда сағат 04.30-да Еуразия даңғылы мен Алмазов көшесінің қиылысында "Мерседес" көлігін 2004 жылғы М. деген жасөспірімнің айдап келе жатқаны анықталды. Автокөлік айып тұрағына қойылып, жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан өңірде осындай 8 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. Соның ішінде 2 мыңнан астам жүргізуші жылдамдықты арттырса, 156-сы рульге мас күйінде отырғаны үшін жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар