Оралда жасалған алғашқы ұшақ сынақтан өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал әуежайында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ американдық Lancair фирмасымен бірлесіп жасаған Lancair IV ұшағы сынақтан өтті.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ бас директоры Әліби Ахметжановтың айтуынша, тәжірибе ретінде бірінші ұшақты жасауға үш жылдай уақыт кетті. Бұл - турбовинтті двигателі бар, көмірсутегі материалынан жасалған, ұшу қабілеті жақсы Қазақстандағы алғашқы ұшақ. Бұған мемлекет тарапынан қаржы кеткен жоқ.

Мамандардың нақтылауынша, тапсырыстың түсуіне қарай мұндай ұшақты бір айдың ішінде құрастыруға болады. Қуаты 700 жылқы күшіне тең ұшақ сенімді, үш жолаушыға есептелген. Ұшақ 2 мың шақырымға ұшып бара алады, жылдамдығы - сағатына 500 км. Ол сағатына 160 литр жанар май жұмсайды.

Соңғы жаңалықтар