Оралда «Жас Отан» жастар қанатының «Қазақша сөйлейік» іс-шарасы жалғасуда

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының «Қазақша сөйлейік» іс-шарасы одан әрі жалғасуда,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде студенттермен кездесулер өткізіліп, онда белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғали, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асланбек Сарқұлов өз ой-пікірлерін білдірді.

М.Ихсанғалидың айтуынша, қазіргі кезде жастардың қазақ тілін меңгеруге деген құлшынысы жақсы. Олардың өз ана тілінде сөйлеп, басқаларға үлгі көрсете білуі маңызды. «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы арқылы білім алып жатқан адамдардың 70 пайызы өзге ұлт өкілдері болуы бұл мәселенің түсіністікпен қабылданып отырғанын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар