Оралда жаппай төбелес болып, бес адам полицияға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда топ болып төбелескен бес адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 маусымда сағат 16.50-де болды.

Автобустан қала орталығындағы әмбебап дүкені аялдамасынан түскен адамдар төбелесіп қалған.

Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Соның ішінде екеуі мас күйінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылуда.



Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ауруханада жатқан 65 жастағы ер адамның үшінші қабаттан секіріп , көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар