Оралда жантүршігерлік жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мерт болды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жігіт 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Toyota жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар