Оралда заңсыз такси жүргізушілеріне айыппұл салына бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда такси қызметін ұсынуға рұқсат беретін құжаты жоқ жүргізушілерді жауапқа тартатын рейдтер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы такси қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қаладағы такси жүргізушілердің жартысына жуығы жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүр.

Рейд құпия клиент әдісімен жүргізіліп жатыр. Ол мобильдік қосымша арқылы таксиге тапсырыс береді. Ал жолаушының орнына таксиді құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алады. Рейдке жергілікті полиция қызметімен қоса көлік прокуратурасы және көлік инспекциясының өкілдері де қатысып жатыр.

Рейд барысында бір сағаттың ішінде үш заңсыз такси жүргізушісі анықталды.

«Жүргізушілерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 571-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль қызметі батальонының полицейі Азамат Намазов.

Соңғы жаңалықтар