Оралда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырым Датұлы көшесі, 19 мекенжайында опиоид тобының дәрі-дәрмегін заңсыз сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Орал қаласы сотымен санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізу барысында 84 дана ақ түсті таблетка, 15 пластинка «Трамадол», 7-10 мл 23 құты «Тропикамид» және 6 құты «Медакс» тәркіленді.

«Тәркіленген препараттар БҚО бойынша сот сараптамасы институтына жіберілді. Кейіннен материал ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті БҚО бойынша департаментіне заңды шешім қабылдау үшін берілетін болады.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының аса ірі көлемдегі есірткімен қолға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар