Оралда велосипед ұрлығы жиілеп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында велосипед ұрлығы жиілеп кетіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы наурыздан 10 мамырға дейінгі кезеңнің өзінде 53 велосипед қолды болған. Соның ішінде наурызда 10, сәуірде 26, мамырдағы 10 күнде 17 ұрлық тіркелген. Бұлардың 31-і ұрылардың мекенжайға еркін кіруі арқылы жымқырылса, 18-і үйлердің кіреберісінен, екеуі көшеден, 11-і ауладан әкетілген. Мекенжайдың құлпын бұзу, әйнегін сындыру, сәйкес кілт табу, жасырын кіру арқылы 22 велосипед жымқырылған.

Айта кетейік, қазіргі кезде велосипедтің құны 20 мыңнан 70 мың теңгеге дейін барады, сондықтан оның ұрлануы кім-кімге елеулі материалдық залал келтіреді.

Соңғы жаңалықтар