+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Оралда велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт болды

2021 жылғы 14 қазан 10:50
Бөлісіңіз:
Оралда велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік велосипедпен жүрген ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда мас жүргізуші газ құбырына соғылып, автокөлік жанып кетті БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 22.40-та Ескі әуежай шағынауданында Светлая көшесінде болды.

37 жастағы жүргізуші «HINO RANGER» автокөлігімен (манипулятор) белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

25-30 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Кейін велосипедпен жүрген адамның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT