Оралда үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 18.49-да Д.Қонаев атындағы шағынауданында орын алды.

Құтқарушылар (4 қызметкер, 1техника) альпинистік құрылғының көмегімен 6-қабатта орналасқан 22-пәтердің терезесінен 2016 жылғы баланы құтқарды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар