+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

2020 жылғы 9 қаңтар 21:21
Бөлісіңіз:
Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жас дәрігер жол апатына ұшырап, далада жатып қалған жүргізушіні құтқарды Қарағандыда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түске таман Әбілқайыр хан даңғылында орын алды.

«Kia» автокөлігі «Лада Приора» автокөлігімен соқтығысқан. «Лада Приора» екпінімен барып гаражға соғылған. Көліктің бірі тоқтап тұрған «Hyundai»-ға соққан.

Оқиға орнынан екі адамды жедел жәрдем алып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.59-да шақыртылған. Бригада бес минуттан кейін жеткен.

Қазіргі мәлімет бойынша 32 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалған, оған қоса бес-алты қабырғасы сынған. 24 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алған. Екеуі де қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT