Оралда үш автокөлік соқтығысып, бір адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш автокөлік түйісіп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Е.Пугачев көшесі мен Н.Назарбаев даңғылы қиылысында орын алды.

Шамамен сағат 07.40-та «ВАЗ-2112» автокөлігінің жүргізушісі Пугачев көшесімен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, өтіп кетіп, «Фольксваген Поло» және «Мерседес» автокөліктерімен соқтығысуға жол берген.

«Жедел жәрдем сағат 07.51-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. 1986 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша ол жабық бас-ми жарақатын алған», деді ҚазАқпарат тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоспәтерлік тұрғын үйдің отқа оранғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар