Оралда үш автокөлік соғысып, бір бала жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда үш автокөлік соғысып, бір бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түс әлеуетінде болды. «Омега» зауыты ауданындағы көпірде «Кио Рио», «Лада Приора», «ГАЗель» автокөліктері соқтығысып, соның салдарынан кептеліс орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 13.28-де қоңырау шалынған.

Жол оқиғасынан 2011 жылы туған бала зардап шекті. Алдын ала диагноз бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, соңғы күндері қалада бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Бұдан бұрын «Фольксваген» автокөлігінің қоқыс таситын көлікпен соқтығысып, тағы бір автокөліктің екі адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар