Оралда Ұлттық ұланның 170-тен астам жауынгері ант қабылдады (фото)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 10 қаңтар күні ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, Оралдағы 5517-әскери бөлімде Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарынан келген 170-тен астам жауынгер мемлекеттік тілде Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Сарбаздарды салтанатты рәсімде бөлім командирі, подполковник Аян Есжанов, «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Исатай Жәрдемов құттықтап, әскери ант беріп, ел тәуелсіздігін қорғаудың ата-бабадан келе жатқан мызғымас дәстүр екендігін атап өтті.

Жауынгерлердің ант беру рәсіміне олардың ата-аналары да қатысып, ризашылықтарын білдірді. Бөлім көркемөнерпаздары қойған концертті көрген ата-аналар ұлдары жататын, тынығатын, тамақтанатын орындарды да аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар