Оралда Ұлттық ұланға жаңадан қосылғандар ант берді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы 5517-әскери бөлімінде Ұлттық ұланға жаңадан қосылған сарбаздар ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл аталмыш бөлімге Түркістан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды және Алматы облыстарынан 184 жас жаңадан келген болатын. Олардың бәрі де жас жауынгер курсынан сәтті өтті.
null

Салтанатты жиынға сарбаздардың ата-аналары мен туысқандары, дос-жарандары келді.

Отанға адал қызмет етуге ант бергендерді «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситников, Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раев, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ішкі әскерлер ардагерлері кеңесінің төрағасы, доғарыстағы полковник Бақытжан Бердиев және басқалар құттықтады.

«Ант беру - әр жауынгердің өмірінде есте қаларлықтай елеулі күннің бірі. Ұландар әскери қызмет қатарына қосыла отырып, қажетті білім, дағдыны меңгеріп, шыңдала түседі. Оларға мықты денсаулық, табандылық тілейміз. Ата-аналарына өз ұлдарын отаншылдық рухта тәрбиелегендері үшін алғыс айтамыз», деді полк командирі, подполковник Мақсат Бөлтіріков.

Шарадан кейін ата-аналар ұлдары тұратын орындармен танысып, полк басшылығымен кездесіп, түрлі сауалдарына жауаптар алды.

null

Соңғы жаңалықтар