+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады

2019 жылғы 14 желтоқсан 20:34
Бөлісіңіз:
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері өзімен бірге тапанша және оқ-дәрі алып жүрген 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның «Батыс» бөлімшесіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда тапаншамен жүрген ер адам ұсталды Мұздай қаруланып, «Астана біздікі» деп видеоға түскен жігіт сотқа тартылып жатыр Алматы облысының тұрғындары қару тапсырып, 8 млн теңге алды

Оқиға 13 желтоқсан кешкі сағат 18:45 шамасында орын алған. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аумақты патрульдеп жүрген жасақ басшысы, қатардағы Ерсаған Болатов, қатардағы жауынгерлер Нұрбақыт Қойшиев пен Еркебұлан Ермеков «Қыз мұнарасы» дәмханасының жанында күдік туғызған бозбаланы тоқтатып, құжаттарын сұраған.

Жасөспірімді куәгерлердің көзінше тінтіген кезде травматикалық тапанша мен оқ-дәрі табылды. Бұл қару-жарақтың жас балаға не үшін керек болғанын тергеу анықтайды.

Бұдан кейін бозбала полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Айта кетейік, 16 жасар қала тұрғынынан қару ұстауға рұқсат беретін ешқандай құжат табылған жоқ. Алынған тапанша сраптамаға жіберілді. Қарудың иесі анықталып жатыр. Ал әскери қызмет кезінде ерекше қырағылық танытқан жауынгерлер ынталандырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT