Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 ақпан күні сағат 22.30-дар шамасында орын алды.

«Солтүстік-шығыс-2» шағынауданында көшеде күзетте жүрген, құрамында қатардағы жауынгерлер, топ басшысы Эльдар Фазылов, Нұрпейіс Қабиев және Қажымұқан Мұңайтпашов бар 5517-әскери бөлім жауынгерлеріне қорыққан балалы әйел жүгіріп келеді. Ол өзіне азиат пішіндес ер адамның мас күйінде шабуыл жасағанын айтады. Ол қашып кеткеннен кейін әлгі адам тағы бір әйелге тап береді.

Ұлттық ұлан жауынгерлері Циолковский көшесіндегі оқиға болған жерге жеткенде, ер адамның жерде жатқан әйелді теуіп жатқанын көреді. Сол бойда оның қарсыласқанына қарамай, қолын қайырып, ұстайды.

Әйел өзіне шабуыл жасаған адамды бұрын білмейтінін жеткізді. Ол балағаттап, қарға жығып салып, тепкілеген. Оң жақ иығын ауырсынған әйел жарақат пунктіне жүгінді.

Топ басшысы Э.Фазыловтың айтуынша, ұсталған 1982 жылғы тұрғын Маңғыстау облысында туған болып шықты. Мас күйінде болған ол қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар