Оралда түзету мекемесінде жазасын өтеуші асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қатаң тәртіптегі РУ-170/3 түзету мекемесінде жазасын өтеуші асылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігіне (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға 10 қаңтар күні болған. Жазасын өтеуші тәртіптік изоляторда өзіне-өзі қол жұмсаған. 

Соңғы жаңалықтар