Оралда түсте жоғалып кеткен оқушы қыз түнде табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда күндіз мектептен шығып, жоғалып кеткен 12 жасар қыз түнде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаладағы №24 мектепте оқитын қыз 11 сәуір күні шамамен сағат 14.30-да белгісіз бағытта шығып кеткен.

Содан үйіне оралмағаннан кейін іздеу салынды.

«Іздестіру жұмыстарына БҚО полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Еріктілер де қатысты. Оқушы қыз түнгі сағат 22.10-да табылды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатын жасаған екі мас жүргізушінің көліктері отқа оранғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар