Оралда тұрғын үйден өрт шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам газдан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 15.52-де М.Жүнісов атындағы көше бойындағы 64-үйде орын алды.

Екі қабатты үйдің №1 пәтерінде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Оқиға салдарынан үйдің иесі 1983 жылғы азамат пен 1970 жылғы әйел орта дәрежедегі газдан уланған. Олардың екеуі де мас болған.

Өрт сағат 16.20-да сөндіріліп, оған 5 адам, 1 техника барды.

Еске сала кетейік, кеше Оралда газ жабдығы орнатылған көліктің өртенгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар