Оралда тұрғын үйде өрт болып, 40 адам эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрғын үйде өрт болып, 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 10.43-те Е.Орақбаев көшесі 35-үй 18-пәтерде орын алды.

Бесінші қабаттағы пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Өрт салдарынан осы үйден 40 адам сыртқа шығарылса, соның 15-і – балалар.

Өрт 11.11-де оқшауланып, 11.25-те сөндірілді. Оған 8 адам, 3 техника қатыстырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адам анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдағы құс фабрикасында 150 тонналық резервуардың өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар