+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды

2019 жылғы 8 желтоқсан 20:21
Бөлісіңіз:
Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 24 жастағы қызды трактор басып кетті Қызылордада көкөніс дүкені өртке оранды 19 жастағы америкалық Пентагон маңындағы көлікті жармақ болған

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 01.00-де Ш.Жексенбаев атындағы көше 67-үйде болды.

Үш қабатты үйде 3-пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Газдан уланудың алдын алу мақсатында үйден 10 адам шығарылса, соның екеуі - балалар. Оған қоса екі адам құтқарылды.

«Тілсіз жау» 01.14-те оқшауланып, 01.39-да ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда.

Сондай-ақ бүгін Бәйтерек ауданы Белес ауылынан 18 шақырым жерде дала жолында тұралап қалған «Тойота Ланд Крузер» автокөлігіне көмек көрсетілді. Сағат 11.04-те аталған көлік жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Оның ішінде болған төрт адам медициналық көмекті қажетсінген жоқ. Бұл көлікті іздестіру жұмыстары кеше сағат 23.30-дан бері жүргізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT