Оралда тұрғын үй отқа оранды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше А.Матросов көшесі, 31-мекенжайында орын алды.

Өрттің болып жатқаны жөнінде сағат 16.28-де хабар түскен. Ол 1960 жылғы азаматшаға тиесілі 120 шаршы метрлік үйдегі жеке заттардың жануынан басталған. Алдын ала мәліметке қарағанда, электр сымдарының тұйықталуынан шыққан от қатты жанған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, «тілсіз жауды» ауыздықтауға барлығы 7 техника, жеке құрамнан 21 адам жұмылдырылды. null

Өрт сағат 17.54-те оқшауланып, 19.44-те сөндірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттен келген шығын, кінәлілер анықталу үстінде.

null 

Соңғы жаңалықтар